«Сопылық — қазақтың қанында бар» дейді Ақберен Елгезек

0
285

Ақын Ақберен Елгезек өзінің  сұхбатында діни сенімге байланысты ойын айтты деп жазады Democrat.kz.

«Суфизм — қазақтың қанында ағып жатқан ілім. Қожа Ахмет Яссауиден бастап, бері тарқататын болсақ, 9-10 ғасырдан бері қанша уақыт өтті. Сол уақыттан бері миымыздан да, санамыздан да алып тастау мүмкін емес нәрселер бар.

Қандай діни ағым келсе де, суфизмді алып тастау мүмкін емес. Қазақтың қай жеріне барсаң да, «мына жерде пәлен әулие бар, құран оқып кетіңдер» деп жатады. Қазақтың даласында шашылып жатқан неғылған әулиелер бұлар?

Мұның бәрі ислам ұстанғаннан әлдеқайда биік рухани деңгейге жеткен сопы адамдар. Әулие деген арабтың «уәли» яғни құдайдың сүйген құлы дегенді білдіреді. Құдайдың өзі «менің әулиеме кім тиіссе, мен оған соғыс ашам» дейді.  Сондықтан суфизм қазақтың қанында ағып жатыр, ол біздің салт-дәстүрімізге әбден сіңіп кеткен», — дейді ақын.

Фото интернеттен алынды.