Тағы бір мектеп есепшісі ұсталды
Ақтөбеде №48 жалпы білім беретін мектептің есепшісі мелекеттік бюджеттен 238 миллион теңге ақшаны заңсыз иемденген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Есепші 2019-2024 жылдар аралығында қызмет бабын пайдалана отырып, мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Ол жалақыны белгіленген нормадан тыс аударып, қос демалыс беріп отырған.
Ақтөбе облысы прокуратурасының есепшіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.
Айыпталушының іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (Аса ірі мөлшерде cенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сараланды.
“Сот есепші Г-ны кінәлі деп танып, 7 жылға материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды атқару құқығынан және 6 жылға бас бостандығынан айырды”, – деп мәлідеді Ақтөбе облысы прокуратурасы.