Түркістан облысында жаңа әкім тағайындалды

0
41

Түркістан облысының әкімі лауазымына Нұралхан Көшеров тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Нұралхан Көшеров 1984 жылы дүниеге келген. 2005 жылы «Экономист» мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану бакалавры» мамандығы бойынша, 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2008 жылдан бастап 2015 жылға дейін мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2018 жылдары Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болды.

2018 жылдан 2021 жылдың 29 қыркүйегіне дейін Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.