«Үйді балаңыздың атына жазып бермеңіз» дейді заңгер

0
221

Тик ток әлеуметтік желісінде заңгер ата- әжелерді артындағы үйді балаларына бермеуге шақырды, деп жазады Democrat.kz. тілшісі Democracy.kz.-ке сілтеме жасап. 

«Біріншіден, үйді көзімнің тірісінде баламның артына аударып қояйын, ертең мәселе туындауы мүмкін. Мұрагерлікпен аудару қиын болады деп ойламаңыздар. Жаман айтпай, жақсы жоқ ертең сіздер өмірден өткеннен кейін үйді заңмен аударудың тәртібі бар, мұрагерлікпен аударып алады. Қиын түгі жоқ.

Екіншіден, дау туындамасын, осы балама үйдің өтетіндігіне көзімді жеткізіп кетейін десеңіз, ешқандай талас болмасын десеңіз, мүліктің тағдырын өсиет арқылы шешуге болады. Бұл жұмысты да нотариус арқылы шешуге болады.

Ертең шайларыңыз сұйылып, балаларыңыздың басында неше түрлі мәселелер бар. Соған байланысты ертең үйді сатып жіберетін болса, далада қаласыздар. Сондықтан, осы кеңестерді естеріңізде сақтаңыздар» дейді заңгер.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.