Ұшақ апаты: Аман қалған қазақтар бар ма?
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы ұшақ апатынан кейін облыстық ауруханаға түскендердің тізімін жариялады. Алайда олардың ішінде қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Апат салдарынан барлығы 29 адам аман қалды. Олардың 27-сі жедел жәрдем бөліміне жеткізілді. Ал 11-і ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала түсті. Оларды отаға дайындап жатыр. Оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды”, — делінген хабарламада.