«Жайдарманда» — жаңа басшы

0
45

«Жайдарманға» жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы «Жайдарманның» әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

«Жайдарман» ойындарында кадрлық өзгерістер орын алып, жобаның жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалды.

Айта кетейік, 25 жылдық тарихы бар «Жайдарман» жобасы бүгінде миллиондаған аудитория жинайтын, жастардың креатив платформаларының біріне айналған.

Жобаның Қазақстан бойынша 20-дан астам филиалы, 150 өкілдіктігі бар, оның ішінде 5 республикалық лига мен 3 500 команданы қоса алғанда 10 000-нан астам іс-шара ұйымдастырып үлгерген.

Айта кету керек, бұған дейін жобаның атқарушы директоры Есен Елеукен республикалық телеарнаның бас продюсері қызметіне тағайындалды.

Бұл ретте, Жайдарман жобасының хабарлауы бойынша ойындар кестесі өзгермейді және келесі JAIDARMAN TOP финалдық ойыны жоспарланғандай, 23 қарашада Астана қаласының Орталық концерт залында өтеді.

Еске салайық, Жанасыл Болатбек осыған дейін Жайдарман жобасының бас продюсері қызметін атқарған. Сонымен бірге Atameken Business телеарнасының Digital бөлімін басқарды.

Елімізге танымал бірнеше жобалардың ұйымдастырушысы қызметін атқарды.

Айта кетейік, финалдық ойындарды Есен Елеукен өзі жүргізетіні хабарланды.

Фото дереккөзден алынды.