Жалаңтөс батыр үшін дауласу — ақымақтық

0
217

Таяуда Жалаңтөс батыр қазақтың емес, өзбек халқының батыры деген сипатта мақала жарық көрген еді. Осыған байланысты Шынқуат Байжанов Facebook парақшасында “Ешкімге де керек емес дау” деп өз пікірін білдіріп, жазба қалдырды деп жазады Democrat.kz. Ақпараттық порталы.  

“Қазақ халқы мен өзбек халқы бір мемлекеттің екі жұрнағы! Әбілхайыр Шайбани ханның тұсында ғана бөліндік.

Сондықтан Жалаңтөс батыр қазақ пен өзбекке ортақ, сол үшін дауласу ақымақтық!

Осы жазбадағы хытай тайпасының Худайберді мурзасы да қазіргі қазақтың Адай тайпасы мен өзбекке ортақ батыр! Замандастары Құдайке деп атаған хытай /қырДай/ тайпасының атақты батыры Құдайберді батыр, Ноғай ұлысының беклербиі Едіге ұлы Мусаның тапсырмасымен өзбек ханы Мұхамед Шайбаниға шамамен 1425 жылы көмекке жіберілгені тарихта жазылған.

Құдайберді батыр інісі Келінбердімен бірге Ноғай ордасынан шығып, қырғыз Алатауына келіп, қазіргі Құлан ауылының жанына қоныстанған. Келінберді батыр әскерімен қырғыз Алатауын, яғни қазақ жерін ойраттардан қорғаған, ал Құдайке батыр әскерімен Бұхарға кетіп Мұхаммед Шайбани ханның ойраттармен, қызылбастармен соғысына көмектескен, оның ең сыйлы бахадурларының бірі болған.

Бұхар хандығында Алшын тайпаларының батырлары өте үлкен дәрежеге ие болғаны тарихтан белгілі. Құдайке батыр Мұхаммед Шайбани хан ұрыста шахид болғаннан кейін інісі Келінбердіге келген, яғни қазақ болған. Қос батыр мен ұрпақтарының қорымы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының жанында, қазақ қорымында.

Міне, қазақ пен өзбек халқына бірдей тең батырлар тарихта толып жатыр, оларды бірігіп ұлықтауымыз керек!!! Ол заманда батырлар өзбек пен қазақ, қырғыз, қарақалпақ, татар, ноғаймыз деп бөлінбеген, ұлан-ғайыр жерлерін бірігіп жаудан қорғаған.

Алшынның Әлімі Жалаңтөс батыры мен Алшынның Адайы Құдайке батыры сақтардан қалған қасиетті жерімізді өз Отаны санаған. Қазір ғой, ұрпақ азып, түбі бір көкбөрі елдері қырық пышақ болып аю мен айдахарға жем болып жатырғаны.

Бөлінгенді бөрі жейді, түбі бір түрікпіз, бөлінбейік ағайын!!!” деп жазады автор.

Фото ашық дереккөзден алынды.