Жаңа министрлер не деп ант берді?

0
105

Үкіметтің отырысында жаңа министрлер ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Қаржы министрі Мәди Тәкиев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет қатарына қосылды.

Олар министр алғаш рет министр болып тағайындалғандықтан ант берді.

Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін! – деді жаңа министрлер.