Жанар Айжанованың қызы екінші некесін қидырды

0
310

Мұсылмандық салт бойынша сүйіктісімен некесін қиған отандық танымал блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекованың мәһрге не сұрағаны белгілі болды. Ол 101 раушан гүлін қалайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отандық танымал блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова Instagram-дағы stories бөлімінде мешітте некесін қиған сәттен видео жариялап, мәһрге не сұрағанын жария етті.

«101 раушан гүлі дейікші. Жеңіл болсын», — дейді Айжұлдыз кадрда. Блогердің айтуынша, оның не қалайтынын молда да түсінбей қалған.

«Неге алтын, үй, машина емес деп, молда түсінбей қалды», — деп жазды актриса stories-те. Бұған дейін Айжұлдыз Адайбекова желідегі парақшасында сүйіктісімен мешітте некесін қидырғанын хабарлады.

Еске салсақ, Айжұлдыз Адайбекова Сәкен Қағаров есімді экстрим-блогермен көңіл жарастырғанын көпшілікке жария еткен еді.

Көп ұзамай Сәкен Қағаров оған үйленуге ұсыныс жасады. Жанар Айжанованың қызы Сәкен Қағаровпен бірге сұқбат беріп, жақын арада шаңырақ көтеретінін дүйім жұртқа хабарлаған болатын.

Айта кетсек, бұл Айжұлдыз Адайбекованың екінші некесі. 2020 жылы ол Қыран Талапбекке тұрмысқа шығып, арада көп уақыт өтпей ажырасып кеткен еді. Бүгінде олардың ортақ ұлы бар.