«Жаның жәннатта болсын, Абылайым» деген қыздың жазбасы жұртты тебірентті
Марқұм Арман Дүйсеновтың қайтыс болған ұлының сүйіктісі Аруна Асхатқызы жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сенен айырылу өте ауыр. Сен менің жақын адамыма ғана емес, жанымның бөлшегіне айналдың. Жүрегім қан жылап тұр, қасымда енді сенің жоқтығыңды қабылдай алмаймын. Қазір өткен күндердің суреттерін қарап отырмын, онда біздің бақытқа толы қуанышты сәттеріміз бейнеленген. Қазір мен үшін демеу болатын жалғыз дүние – сенімен бірге өткен күндердің естелігі. Өміріме мән сыйладың. Сені жарқын сәттерді сыйлаған адам ретінде мәңгі есте сақтап қаламын. Жаның жәнната болсын, Абылайым», — деп жазған ол.
Естеріңізге салайық, өнер жұлдыздары Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай Дүйсеновтың көз жұмғанын хабарлады. Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.
Композитор Арман Дүйсенов 2023 жылғы қаңтарда қайтыс болған еді.
Фото интернеттен алынды.