Жекеменшік мектептің айырмашылығы қандай?

0
654

Жекеменшік мектептердің мемлекеттік мектептерден қандай артықшылығы бар деген ой мазалайтын болды.

Әлемді өзгертуге, рухани байытуға тікелей қатысы бар мұғалімдердің ерен еңбегі түлектеріміз арқылы бағаланады.

Мұғалімдік еңбегіміздің нәтижесін көретін, бағаланатын кез келді деген кезде, өкінішке орай, оқушыларымыз жекеменшік мектепке ауысып жатады. Бұрын НИШ, ҚТЛ (БИЛ) ауысып кетсе, әттеген-ай деп отырушы едік, қазір олардан басқа да жекеменшік мектептер көбеюде.

Әрине, жекеменшік мектептер мемлекеттік мектептердегі білім жүйесінің кемшілігін толықтырып тұруы да мүмкін. Оқушыларды қызықтыратын үйірмелер, заманға сай технологиялар, оқушылардың пәндерді немесе үйірмелерді таңдаудағы еркіндігі, т.т.

Мемлекеттік мектептермен қатар жекеменшік мектептердің көбеюі бәсекені арттырады.

Кей құрылтайшылар білімді бизнес көзі ретінде ашса, кей құрылтайшылардың балаларға білімді сапа беру мақсатын көздеуі мүмкін. Екі мақсатты бөліп алу да мүмкін емес. Қазіргі ата-аналардың да талабы күшті.

Көзі қарақты ата-ана жай ғана бағаларды қадағаламайды, баланың соған лайықты білімі бар ма, қандай мектепішілік сайыстарға, қалалық байқауларға қатысып жатқанына да назар аударады.

Енді мемлекеттік мектептерде 9-10 жыл, яғни мектеп табалдырығын аттаған баланы қалам ұстаудан бастап үйретесің, баптайсың, ал ол оқушының енді жетістігін көремін дегенде жекеменшік мектепке кетіп қалады! Оны қалай ұстап қала аламыз?

Әріптес, Сіз не дейсіз?

Құрметпен, мұғалім

Ақмарал Шатемірқызы

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.