Жігіттерге арналған заң шықты
Конституциялық сот енді бойдақ жігіттерге де бала асырап алуға мүмкіндік беретін қаулы шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дереккөз мәліметінше, 2023 жылғы 26 қазанда «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі аталған нормаға сілтеме жасай отырып, жетім баланы асырап алғысы келген ер адамды есепке қоюдан бас тартқан. Ол бұл мәселені конституцияға қайшы әрекет деп түсініп, Конституциялық сотқа жүгінген.
Осы мәселені қараған Конституциялық сот «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабы 2-тармағының 11 тармақшасы заңға қайшы деп танып, енді ер адамдардың да бала асырап алуына рұқсат беретін қаулы шығарған.
Конституциялық сот қаулы етеді:
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабы 2-тармағының 11) тармақшасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі осы нормативтік қаулы жарияланғаннан кейін алты айдан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы нормативтік қаулыда жазылған құқықтық ұстанымдарын ескере отырып, бала асырап алу институтын құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған заң жобасын енгізсін.
Қолданылған шаралар туралы көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына ақпарат берсін.
⠀
3. Осы нормативтік қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағым жасалуға жатпайды.
Фото интернеттен алынды.