Жұрттың қариялары түрмеге кетіп жатса, біздікілер ұшақ сатып алуда

0
197
Жапония еліне барып келгендер жапондардың бізден жүз жылға алға кетіп қалғанын, қай жағынан алсаңда мықты қарыштап дамып кеткенін аузының суы құрып айтып жатады. Енді фактіге қарсы уәж айта алмаймыз. Жапондар шынымен дамып кеткен.
Кемшілік кез-келген қоғамда болатыны айғақ дүние ғой. Дәл біздің жапондарға күлетін ретіміз жоқ негізі. Сонда да…
Жапон елінде қартайған кісілер өмірінің соңында жалғыз қалып қойып, содан қатты азап шегеді екен. Сол азаптан құтылудың жолын тапқан түрлері болса керек, қарт кісілер ұсақ-түйек қылмыс, ұрлық жасап саналы түрде түрмеге түсетін болыпты.
Түрмеде өздері секілді адамдармен араласып жалғыздықтан құтылады, сосын түрмеде үш мезгіл тамақ, медициналық көмек түгелі қарастырылған екен..
(сонда түрмелері біздің санаторийлармен пара пар болып тұр ғой)
Бізде жағдай қалай болып жатыр екен деп жаңалықтар лентасын жылжытсам..
Қызықтың көкесі бізде екен ғой. Мысалы біздің елде 2022-ші жылы пенсияға шыққан бір ақсақал өмір бақи еңбектен көз ашқам жоқ, он үш жасыма дейін тойып тамақ ішкем жоқ, енді қалған ғұмырымды өз қалауымша өткіземін депті де, Дубай жаққа жол тартыпты.
Дубай көшелерін аралап жүріп араптың шіріген байларына өз өнерін көрсетіп рельсті желкесіне салып иіп, арматураны мойынына галстук етіп байлап, қайта шешіп, шынжыр үзіп, атан түйені көтеріп үш жыл бойы ақша жинап күні кеше ұшақ сатып алыпты деп жатыр екен…
Ол сатып алған ұшағын соғысқа жібере ме әлде өзі мініп ұша ма оны алдағы уақытта білетін болармыз…
Медет АРЫСТАН, қоғам белсендісі.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін.