"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?

"Марат Жыланбаев қиын жағдайда": Бұл ақпарат қаншалықты рас?
 
"Төреғожиналар тығырыққа тірелді" деген журналист Ораз Әлімбеков кей белсенділердің ұят тірлігін әшкереледі деп жазады Democrat.kz.
 
"USAID бар кезде жалғанды жалпағынан басып жүрген дүмше-белсенділер енді кімді алдап, кімнен ақша соратынын білмей шулап жатыр.
 
Бақытжан Төреғожина деген бар. Өткенде полиция біреуді ұстады, соған жылу жинайық деп шулатып жатқан. Тұрақты түрде Марат Жыланбаевтың хәлі қиын екенін айтып, соған көмек сұрап шулатып жүретін еді.
 
Жақында Марат Жыланбаев аштық жариялады, аяққа тұра алмайды деп қара аспанды төндірген. Бүгін бір видео көрдім. Түсірілгеніне көп болмаған екен.
 
Сөйтсек, аштық жариялады, төсек тартып тұрамай жатыр деген Марат Жыланбаев камерасында жайбарақат шайын ішіп, кітабын оқып, жаттығуын жасап жүр.
 
Хәл үстінде жатыр дейтіндей емес, жайбарақат отыр. Ал көпшілік Төреғожинаның сөзіне сенді. Жыланбаевқа жаны ашиды да. Бірақ видеода көрсеткендей, бәрі өтірік болып шықты.
 
Сонда Төреғожина өтірік айтатындай, не басына күн туды? Әлде өзіне ақша жетпей жатыр ма?!.
Байқауымша, USAID тоқтап қалғалы біздегі дүмше-белсенділер халықтан ақша жинап, сол үшін өтірікті бұрқыратуға көшіпті. Бұрынғыдай оңды-солды ақша құятын шетелдік гранттар жоқ.
 
Ешкім Қазақстан билігін жаманда деп ақша ұсынбайтын болған-ау, сірә. Ұсынайын деп тұрған да ешкім жоқ сияқты. Мұндай жағдайда амалсыз осындай құйтұрқы әрекетке барып жатыр. Алда-жалда шетелден біреу грант әкелсе, маған бере қал деп алдына жетіп бармақшы ғой.
 
Шындап келгенде мұндай дүмше-белсенділердің қазаққа түк пайдасы жоқ. Өзінің жеке басын ойлаудан бақа ештеңе білмейді. Қалтасына ақша түссе болғаны.
 
Былайғы жұрт Төреғожинаның ауқатты, жақсы үйде тұратынын, үнемі шетелде қыдырып, жан рахатын күйттеген, көлденең табысы мол әйел екенін біле бермейді. Сондықтан Төреғожина секілді кісілерге сенуге болмайды" деп жазды Ораз Әлімбеков. 
Все новости