Кеше ғана соңғы қоңырауға қатысып, мектеп бітірген Қайрат Нұртастың қызы Алай Қайратқызы әлеуметтік желіде суреттерін жариялап, жұрттың сынына қалды деп жазады Democrat.kz.
Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы қоңырау мерекесінен кейін түрлі суреттерін бөліскен Алау Қайратқызының үстіне киген киімі кей кісілерге жақпай қалды.
Саны жарқырап көрінетіндей, өте қысқа белдемше киген Алаудың фотоларының астына жұрт "Қайреке, қызыңа бұлай киінде десеңші", "мектеп емес, түнгі клубта жүргендей", "ужас" дегенге саятын пікірлер жазуда. Тіпті кейбіреулер артық кетіп, жас қызға "шлюха" деп те пікір жазған.

