Мұғалім аттестациядан өтуге 300-400 мың теңге жұмсай ма?

Facebook әлеуметтік желісіндегі “Қазақстан ұстаздары” тобында мұғалімдердің аттестациясына қатысты анонимді жазба жарияланды деп жазады Democrat.kz.
Жазба иесі аты-жөнін көрсетпей, анонимді түрде жариялаған мына деректер егер рас болса, сұмдық екен. Тиісті мекемелер бұл жазбаға қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді деп сенеміз.
“Мен мұғаліммін. Биыл аттестациядан өтіп жатырмын. Бір қарағанда мұғалім үшін жасалып жатқан процесс қой…Бірақ түбінде “Ақша табушылардың” мекеніне айналып бара жатқаны менің қалтама ғана сезілуде ме? Әлде сіздерге де сондай ма?Сонымен:
- Тестке дайындық 50-120 000 арасы;
- Авторлық бағдарлама: 25-100 000 арасы;
- Мақала жариялау ең арзаны 5000 тг басталады;
4.Егер курс өтпесеңіз оны да сатып аласыз, яғни ақылы оқисыз 22000;
- Әдістемелік құрал 25-50000 шамасы;
- Тәжірибе таратуды да 10000 төлеп конференцияға қатысасыз;
- Шығармашылық топта әділқазы алқасы 15000 төлеп алуға болады.” деп жазған анонимді автор.
Осы жазбаға қатысты пікір жазған жүздеген кісі бұл жазбаның шындыққа жанасатынын, авторлық бағдарлама, портфолио дегендердің мұғалімге түкке қажетсіз екенін айтуда.
Фото көрнекілік үшін интернеттен.