Ата-ана мұғалімдерге үндеу жолдады
Әлеуметтік желіде видеосын жариялаған Айзана Тасбулатова атты келіншек мұғалімдерге үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Айзана Тасбулатова өз үндеуін орыс тілінде жасапты. Ол үндеуінде: «Құрметті мұғалімдер, сіздер үйге тапсырманы оқушының ата-анасының білім деңгейін тексеру үшін бересіздер ме? Мен мысалы баламды мектепке білім алсын, оқысын деп бердім. Әр күн кешке жұмыстан үйге шаршап келіп, «үй тапсырмасын орындау керек» деп ойланамын. Оқушы сабақты үйде емес, мектепте оқуы керек. Бала тапсырманы орындамаса, мұғалім хабарласып: «Неге балаңыз сабақ оқымайтын топас?» деп сұрайды. Мен мұғалімнен «неге менің баламның үсті-басы кір? Неге жуындырмадың?» деп сұрамаймын ғой?!»- деп ренішін білдірді.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.