Әскердегі өлім-жітім министрді орнынан кетіре ме?

0
306

“Өкпелесең көшіп кет” дейтін министрге тықыр таянған сияқты. Себебі әскердегі адам өлімі тым көбейіп кетті. Соңғы айларда соғыссыз қырылып жатқан жауынгер көп.

Әскерде атылып өліпті, асылып өліпті, ұрып өлтіріпті деген жаңалыққа етіміз өліп, елең етпейтін болдық.

Тіпті бұл тақырып президент жолдауында қаузалып, депутаттар мәжілісте талқылайтын мәселеге айналды. Бұл аздай жастарды әскерге шақыру жасын ұлғайту туралы петиция жарияланды.

Осындай  у-шудан кейін министр тал қарманып жатқан сияқты. Ауған соғысы ардагерлері, отставкадағы әскерилер мен басқа да батырларға “Отан қорғау міндетіміз”, “Әскерден қашпау керек” деген сыңайдағы видеоүндеулер жаздырып, әлеуметтік желілерде таратуда.

Тіпті әскердегі әлімжеттік туралы жазылған негатив посттардың астына “военный боттарын” жинап комменттер жаздыруда.

Осылайша Руслан Жақсылықов әлеуметтік желіде жақсы атты көрініп, ұпай жинамақшы. Бірақ Қорғаныс министрлігіндегі басшылардың бұл әрекеті әскердегі былықты жуып-шая алмайды.

Сондықтан министр әлеуметтік желімен алыспай әскердің жайын ойлауы керек. Министрге өкпелеп көшіп кететін жеріміз жоқ. Отанымыз біреу. Оны қорғауға дайынбыз. Бірақ оқсыз, отсыз “майданда” қазақтың қырылуына қарсымыз.

Диас НҰРАҚЫН, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.