«Әлемге еркектердің қажеті болмайды» дейді тиктокер

0
757

Тиктокер Азамат Қаржаубай әлеуметтік желіде алдағы уақытта болатын құбылыс туралы айтты деп жазады Democrat.kz.

«Алдағы 10-15 жылда еркектер әлемге мүлде керек болмайды. Неге десеңіз, қазірдің өзінде әйелдер өздері ақша табады, өздерін қорғай алады, білім іздеп, жетіліп — дамиды. Тіпті, әйелдер қазір өздерін ұрықтандыра да алады. Демек, осылайша еркектердің ешкімге қажеті болмайды»,- дейді Азамат Қаржаубай.

Тиктокердің бұл сөзіне қарай «иә, еркектің қазірдің өзінде қажеті жоқ», «заман емес, адам пиғылы өзгеруде. Қыз бала — егін егіп, жер жырта ала ма? Мал бағып, азығын жинай ала ма? Жау шапса, қолына қару алып, отанын қорғай ала ма? Бақилыққа аттанған кісінің көрін қазып, жаназасын шығара ала ма?», «жердің де, малдың да, көрдің де проблемасын техникамен шешуге болады», «еркексіз өмір қызықсыз», «еркек болмаса, кімнің миын жейміз» деген пікірлер жазылуда.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.  

@azamat.karzhaubay

Еркектер керек емес дейді ғой ☝🏻😅 #еркектер #мужики #мужикипоймут #рек #рекомендации #әйелдер

♬ оригинальный звук — Azamat Karzhaubay