Алматыға жүздеген ауғандар келе жатыр

0
162

Алматыда Ауғанстан және Қазақстан тараптарының бизнес форумы өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрлігінің ақпаратына сүйенсек, іс-шара 20-22 қазан аралығына жоспарланған.

Бизнес форумнан бөлек, іс-шара аясында ауған тауарларының көрмесі де ұйымдастырылады.

«Делегацияның Ауғанстаннан Қазақстанға сапары аясында ауқымды бизнес форум өтеді. Ауғанстан экономикасының түрлі салаларынан 250-ден аса кәсіпкер өз тауарлары мен қызметтерін ұсынады», – деп жазылған хабарламада.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.