Роман Скляр: АЭС-тің қауіпсіздігі бірінші орында
Үкіметтегі брифингте премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр АЭС-ті кім салады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүкіл мүмкіндіктер қарастырылып барып қана шешім қабылданады. Бұл консорциум болмақ. Өйткені біз үшін қауіпсіздік бірінші орында тұр. Біз өз саласының көшбасшыларының ең жаңа жобалық шешімдері мен технологияларын қолдану үшін жаңа станцияға қызығушылық танытып отырмыз. Осы арқылы шешім қабылданады, бірақ конфигурация бойынша мен де, Алмасадам Майданұлы (энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев — ред.,) бұл іспен айналыспайды. Мұны істейтін арнайы жобалық топ болады. Ал саяси тәуекелдер жобалау процесінде қарастырылмақ. Ал егер мұндай (саяси -авт,.)жағдай туындаса, әртүрлі компаниялармен және әртүрлі елдермен жасалған келісімшарттарда санкциялар туралы тармақ болады»,- дейді ол.
Роман Скляр консорциум құрамындағы елдің саны бесеуден аспайды деп мәлім етті. АЭС бір ғана объекті емес, ол бірнеше нысаннан тұрады деді сөзін аяқтаған ол.