«Жылқы еті харамға жақын, тұтынбаған жөн» дейді халалтанушы

0
4862

Желіде зерттеуші, Париждегі Жоғары зерттеулер практикалық мектебінің докторанты Агат Гидің жылқы етіне қатысты айтқан сөзі тарады. Бұл қазақстандық желі қолданушылары арасында наразылық тудырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоның астына Агат Ги Қазақстандағы халал индустриясын зерттеумен айналысатынын жазған. Ол жылқы еті жайлы сөз қозғайды.

«Жылқының еті харам емес. Бірақ жылқы еті — макрух болып саналады. Яғни, тұтынбаған жөн. Макрух  түсінігінде халалға жақыны да, харамға жақыны да бар. Абу Ханифа мазхабы бойынша бұл макрух харамға жатады. Дубайда да солай саналады. Бірақ Қазақстанда Абу Юсуфтың ойын көбірек ұстанады. Ол бойынша жылқы еті халалға жақын макрух», — деді ол.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.