Құтырған қатындарға тыйым жоқ па!?
Дәл қазір біртүрлі жағдайға куә болып отырмыз. Заңгер Sabithan Sarsenbai екеуміз құжаттармен айналысып отыр едік. Бір қара қатын заң кеңесін алуға кіріп келді.
Жасы 50-52 шамасында. Бұл қатын байымен ажырасқысы келеді екен. Алты баласы бар. Үшеуі кәмелет жасына толған, үшеуі толмаған. Алматы қаласында жер үйі бар екен. Кәдімгі 150 квадрат территория құрайтын үлкендеу жер үй.
Күйеуімен не үшін ажырасатыны жайында заңгер сұрап еді, күйеуі такси болып жұмыс жасайды, зейнетке шыққан. Әйелінің айтуынша, байының табысы аз.
Сол үшін ажырасады екен. Сонымен сөзге тарттық, байының машинасы ескі екен. Бензин құяды, запчаст керек, дөңгелек керек, ақша кетеді, жұмысы такси болған соң үйде отыра алмайды. Табысы аз. Сондықтан қара қатын ажырасуға шешім шығарыпты.
Бұл қатын заңгерге сұрақ қойды, егер ажырассақ 150 кв метр үйді, 15 соток жер бөліске түсе ме, түспей ме деді. Сот зорлықпен ешкімді отбасы қыла алмайды, ажырастырып береді, бір ай татуласуға уақыт береді, келіспесе сот шешімімен ажырастырып жібереді. Содан кейін ортақ мүлік туралы іс қаралады.
Сот заңга сәйкес 50/50 қылып бөліп береді. Все!
Сонымен заңгер қара қатынға Шымкент қаласындағы бір сот процесінен мысал келтірді. Ол кезде қатыны емес, байы келген. Қатыны ажырасуға арыз берген.
Оның да үлкен жер үйі бар екен. 10 соток жері бар. Қатыныңды ұрасың ба, соғасың ба, картожниксің бе деп еркекке сұрақ қойған. Ештеңе жоқ. Тек еркек күзетші екен.
Айлығы 70-80 мың. Әйелі базарда алтын сатады. Төрт бала шағасы бар. Сонымен қатынның уәжі — байының айлығы аз, күзетші, сондықтан ажырасады екен.
Ал, еркегі мен базарда алтын сата алмаймын, біреудің ұрлаған алтыны бар, басқа да арзанға алған заты бар, мен бұл тірлікті істей алмаймын деп айтқан. Әйелі осы сөзге ерегісіп, ажырасуға берген.
Содан заңгер сотта ер азамат жағында болды. Амал жоқ, достастыруға келмеген соң, некені бұзуға шешім шығарылған. Осы некені бұзу кезінде ер адам тарапынан қарсы арыз жазылды.
Ортақ мүлікті 50/50 бөлуді және 10 соток жерді қақ ортасына екіге бөліп, екі ворота шығарып, екі су құбырын шығартуға, екі газ есептегішін қойдыруға, екі электр энергиясын есептегішті қойдыртуға, жерді ортасынан забор салып, тұрғын үйді қақ ортасынан гипсокартормен бөлуге қарсы арыз жазылды.
Сот соның ішінде туалет пен ваннасын бөліп алуға, кухнясын да бөлуге шешім шығарып берді. Сот залында заңгер:
-Құрметті сот! Күйеуі әйелін ұрмайды, соқпайды, төрт бала тудыртқан. Күзетші болса да заңды табыс тапқан. Зорлықпен отбасы бола алмайды, некені бұзуға шешім қабылдаңыз, мүлікті қақ ортасынан бөліске түсіруге шешім шығарып беріңіз деген.
Сонымен сот сұрады:
-Сіз не үшін үйдің барлық мүлкі қақ ортасынан бөліп жатырсыз деп сұрады.
Ал, клиент сотқа былай деді:
-Құрметті сот! Менің денсаулығым жоқ, үй сала алмаймын, шамам да жоқ үй салуға, сондықтан мүліктің бәрін қақ ортасынан бөліп, қартайған шағымда өзіме керек тоқалды тауып, осында тұрамын депті.
Осының бәрі жаңағы келген қара қатынға түсіндірілді.
Мұның бәрін тыңдаған жаңағы келген қара қатын тұрды да, ажыраспаймын онда деп шығып, кетіп қалды. Дәл қазір осы жайға куә болдық.
Бізге Түркия мен Арабия сияқты бала-шағаны әкеге қалдыратын заңды бекітпесе, мынау ұлттық трагедияға айналып барады.
Тіпті, мемлекеттің басын қатырған мәселе болып барады. ҚР Ішкі істер министрлігіне әйелдерден мыңдаған арыз түсіп, қайсысын қарарын білмей, басы қатып кетті деген ақпараттарды да естіп отырмыз.
Не ағасы, не ақсақалы жоқ елге айналып кеттік біз.
Әділдік Және Өркендеу ҚҚ атынан:
Бекболат ҚАРЖАН.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.