Шетелде бақытсыз өмір сүрген қазақтың мұңы

0
436

Қазір елден кету, кете қалу сынды дүниелер трендке айналып кетті. Тик токтада сол, мына шет елге байға шыққан қатындар өз өмірлерін видео ғып түсіріп, елді қызықтырып жатыр.

Шетте жұмыс істеп, миллиондап ақша тауып жатырмын дегендерде бар.. Соларға мыңдаған лайк, комменттер жазылад. Барамыз деп жазад. Барғым, кеткім келед дит жастар.

Мен жалпы, елден кетіп, басқа елде тұрып жатқан адамдарды бақытсыз адамдар деп есептеймін. Мүмкін ол байып кеткен шығар, мүмкін ол мықты бір лауазымда жүрген шығар бәрі бір. Олар бақытсыз. Аса бір бақытсыз. Сол бір бақытсыздығын ақтап алу үшін, сол бақытсыздықпен бөлісу үшін жанына адамдар шақырад деп ойлаймын мен.

Мен бір жігітті танимын, осы фбда. Үш жылдай шет елде өмір сүрді. Жақсы жұмыс, жақсы жағдай істеді. Бірақ, екі жыл бұрын елге қайтып кеп қазір бір жерде өзіміз секілді қарапайым жұмысшы.

Сонымен сөйлескенде айтып еді, өзім де, қатыным да, балаларым да шынайы күлуден, шынайы қуанудан қалдық. Бізде бәрі бар еді. Бірақ елден қоңырау келсе екен, елден біреу видеозвонокпен хабарласса екен деп елеңдеп отыратынбыз.

Сол жақтағы қазақтарды шақыруға тырысам қонаққа. Бірақ ешкім келмейді. Бейнебір еттері өліп, робот боп қалған секілді. Бәрі бар, ақша пішен. Бірақ береке жоқ.

Әйелімнің де жүзінен нұр кете бастады, үйдегі, елдегі суреттерді қарап, мұңайып отырған сәттерін жиі көретінмін. Сонымен не керек, бір күнде шешім қабылдап елге қайтып келдім. Қазір өзімді анағұрлым бақытты сезінемін дейді.

Меніңше, Отан деген ең биік, ең ғажап нәрсе. Әкең өлсе, шешең, балаң өлсе бірдеңе қылып көтерерсің. Отаның өле көрмесін.. Жүрегіңдегі Отаныңа деген махаббатың өле көрмесін..

Бүгін жалпы мереке. Егемендік алған күн. Әлемдегі қаншама елдер егемендік ала алмай, осы сәт, осы сезім үшін бәрін беруге даяр. Міне, осы егемендіктің қадірін білейік. Сақтайық ағайын. Егемендігіміз баянды болсын.

Бурахан ДАҚАНОВ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен алынды.