“Хасан хуторлы” 2 айға қамауға алынды

Талғарда хуторлық топтың басшысы делінетін Хасан Қасымбаев қамауға алынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарады.
“Сот қаулысымен Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды”, – деп жазылған мәліметте.