“Хуторлық Хасанның” қолдаушысы сенат депутаты ма?

Дереккөздердің мәліметінше, сенат депутаты Мұхтар Жөргенбаев (суретте) хуторлық Хасан Қасымбаевтың туысы, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
“Біздің дереккөздеріміздің мәліметінше, Алматы облысынан сайланған сенатор Мұхтар Жөргенбаев қамауға алынған Хасанның ағасы. Олардың анасы – туған апалы-сіңлі.
Қазіргі таңда тергеу барысында оның бұл жағдайға қаншалық әсер еткені тексеріліп жатыр. Ол Талғар аппаратының басшысын – Хасанның ағасын атышулы оқиғадан кейін жұмыстан қумауын сұраған деген ақпарат бар”, – делінген дереккөз хабарламасында.
Айта кетейік, Мұхтар Жөргенбаев қазіргі таңда Сенат депутаттарының тізімінде тұр. Ол Алматы облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында туған.