Белсенді мұғалімдерге «өтініш жасау», «шабуыл жасау» басталған ба?

0
1070

Әлеуметтік желідегі парақшасында белсенді ұстаз Айман Сағидулла парақшасына шабуыл жасалып жатқанын хабарлады деп жазады Democrat.kz.

«Кеше петиция жарияланды. Заңды түрде, «Егов.кз» сайтында. Енді 50 000 адам қол қоя алады.

«Петицияны алып тастаңызшы»,-деген өтініш түсті бүгін.

Мәңгілік ел көшесінен жел соққаны анық.

Мен петицияны алмаймын!

Хатқа қол койған 1200 адамды сатпаймын!

Сүйінші! «БИС» жобасы Қарасай ауданында алынып тасталды.

Қарасайлық әріптестер!

Құтты болсын!

Осындағы қолдаған белсенді мұғалімдерге мың алғыс!

Жарты сағат бұрын аккаунтым бұғатталды. Біреу кірмек болған сияқты фб хатына қарағанда» деп жазды белсенді ұстаз.

Айман Сағидулланың өзіне хабарласып, өтініш жасағандардың кім екенін сұрағанымызда қызметтік және педагогикалық әдепке сүйене отырып, мұндай ақпаратты ашық мәлімдей алмайтынын айтты.

Десек те, петиция мәселесінің артында бір емес, мыңдаған, миллиондаған кісі тұрғанын ескерсек, «шабуыл жасаушылар» жеңістің байрағын желбірете алмайтынын ұмытпағаны жөн-ау, қалай ойлайсыз?

Фото интернеттен алынды.