Табалдырыққа таға қағу — жаман ырым ба?

0
459

Әлеуметтік желіде табалдырыққа таға қағу ырымына қатысты пікірталас жүріп жатыр деп жазады Democrat.kz.

«Әкемнен естуімше, атадан жеткен көне ырымдар қатарында табалдырыққа таға қағу болмаған. Әкемнің айтуынша «қазақтың ат тұяғы үйіме келмесін» деген ырым екен.

Орыстардың көнекөз қарияларының үйінің табалдырығында міндетті түрде таға қағылады. Парижде дүкенде қадаулы тұрғанын көргенде «Жөн. Бізден аяқ тартқаның дұрыс» деп іштей мырс еткем.)

Кеше бір дүкенге кірсем, сөресіне таға қадап қойыпты. Мән-жайын түсіндірсем, «Әркім — әртүрлі айтып, миымды қатырдыңыздар. Маған «есігіңнен теріс пиғылды адам кірмейді» деген.

Сол версия өзіме ұнайды» деп, наразы қайырды. Әркім өз пайымымен қабылдайтынын ойлап, індетпестен шығып кеттім. Сіз білетін бе едіңіз?» — деп жазды танымал драматург Сая Қасымбек.

Бұл пікірге қатысты сіздің ойыңыз қандай?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.