Егер жемқорды ұстап берсеңіз, қандай сыйақы аласыз?

0
32

Жемқорлық туралы хабарлаған азаматтар қорғала ма? Оларға қандай да бір сыйақы беріле ме? Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Massaget.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға жауап берді.

Жемқорларды «ұстап бергендер» қалай қорғалады?

Ресми жауапқа сүйенсек, жемқорлық туралы хабарлаған, басқа да тәсілмен көмектескен адам Қылмыстық-процестік кодекске, Еңбек кодексіне, «Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» заңға сәйкес мемлекеттің қорғауында болады:

мұндай адамды мемлекеттік органдар сыбайлас жемқорлық туралы хабарды қабылдаған күннен бастап үш жыл ішінде қорғайды. Сонымен қатар агенттікке қылмысты ашуға көмектескен сәттен бастап еңбек қатынастары саласындағы құқығы мен заңды мүдделері бұзылудан қорғайды;

бұл адаммен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткені туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім болған кезде ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету.

Жемқорлық туралы хабарлаған қанша адам сыйақы алды?

Жемқорлық дерегі туралы хабарлаған адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен көтермеленеді.

Антикордың ресми жауабына сүйенсек, 2024 жылғы 10 айда жалпы сомасы 31 317,3 миллион теңгеге 87 азамат көтермеленген.

Сондай-ақ 36 мемлекеттік қызметшіге (87-ден) грамоталар берілген.