Мемлекеттік қызметкерлер жаппай ереуілге шықты

0
62

Францияда желтоқсанның 5-і күні мемлекеттік қызметкерлердің жаппай ереуілі өтті. Оған мектеп, аурухана, әуе компаниялары және муниципалдық қызмет салаларының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.

Кәсіподақтар бұл акцияны парламенттің қатысуынсыз ел бюджеті қабылданғаннан кейін ұйымдастырды. Бұрынғы үкімет басшысы Мишель Барньенің отставкаға кетуі де наразылықтарды тоқтата алмады. Жаңа бюджеттік құжат қатаң үнемдеу шараларын қамтиды: салықтарды 20 миллиард еуроға арттыру және мемлекеттік шығындарды 40 миллиард еуроға қысқарту жоспарланған.

«Бұл ештеңені өзгертпейді. Үкіметтер ауысып жатыр, ал мемлекеттік қызмет жағдайы нашарлап барады. Жалақымыз жоғары емес, жеңілдіктеріміз аз. Иә, жұмысқа кепілдік бар, бірақ ертең ол да болмай ма деп алаңдаймыз», — дейді ереуілге қатысушылар.

Ресми деректерге сүйенсек, ереуілге 246 мыңнан астам адам қатысқан. Олардың арасында мемлекеттік мектептердің мұғалімдері көп. Наразылық білдірушілер жалақыны көтеруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. Ең ірі шерулер Парижде өтті, сондай-ақ елдің басқа қалаларында да митингтер ұйымдастырылды.

Фото интернеттен алынды.