Ата-әже немере бағуға міндетті ме?

0
2585

Келін мен ене тақырыбы ең көп қазақ халқында айтылатын тақырып. Себебі “Ата-әженің бақыты немере, шөбере бағу” деген шекара салып қойған ұғым бар.

Бұдан 3 жыл бұрын құрбымның өтінішімен кешке мектептен қызын алып жүрдім. Қыс кезі еді. Қақаған аязда мектептен шыққан немересін күткен қаншама ата, әжелерді көрдім. Арасында көлікпен келген, аса кәрі еместері де көп.

Бірақ үрлеп қалсаң ұшып кетейін деп тұрған, көк тайғақта құласа қирап қалайын деп тұрған әжелерді көрдім. Ешқандай бақыт байқамадым, қарап тұрып аяйсың.

Жас болса, бос уақыты болса арасында қолқанат болар, бірақ қызмет, міндет ретінде емес! Ұл-қызын жеткізгені аздай, енді олардың баласын бағу деген ақылға сыймайды.

Тапты ма, өздері қарасын, дәл қазір “карьера” деп бала қарауға шамалары болмаса сәл күте тұрсын. Әбден қартайып, оның үстіне бала баққан соң жүйкелері шаршайды, арасында тамақ жақпайды, сосон келінмен ұрысады.

Біздің ата-анамыз біздің балаларымызды бағуға міндетті емес. Біз оларды алақанға салып аялауға міндеттіміз! Санаторияларға жіберейік, көрші кемпірді шақырып екеуі әңгіме соғуға шай қояйық, балаларын аралап қыдырсын!

Менің кәріс танысым бар, әйелі қазақ. Сол жетпістен асқан анасын “жылына екі рет санаторияға, бір рет шетелге” деп жоспарға жазып қояды. Және жыл да солай жасайды.

Айна КЕРЕЙ, қоғам белсендісі.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.