Пәндік олимпиада: Тақырыптары түсініксіз байқауға кімдер төрелік етуде?

0
246

Республика бойынша пәндік олимпиада өтіп жатыр. Олимпиада тапсырмаларын кім дайындайтыны білмеймін, эссе тақырыптары түсініксіз.

Ұйымдастыратын, өткізетін республикалық, облыстық, аудандық “Дарын” орталығы мамандары. Соңғы жылдарда жауапты мамандар олимпиада өткізудің жаңа тәсілдерін пайдаланып, адал, таза өткізуге тырысып жүр.

Олимпиада өткізудегі адами факторларға, келеңсіздіктерге жол бермеудің көзін тапты. Оқушы жұмыстары кодталып, жюри мүшелеріне тексеруге беріліп, соңынан ғана код ашылатын болып жүр.

Дегенмен әлі де жетілдірілетін тұстары бар. Соның бірі эссе тақырыптары мен тапсырмалардың мазмұны қолданыстағы бағдарламаға сай жасалынбайды.

Эссе — оқушының шығармашылық жұмысы. Оқушының білімін анық білу үшін эссе тақырыбы оқушының қарымын танытатындай “сөйлеп” тұрса ғой деп армандайтын болдық. Берілген тақырыптар эссе жазуға лайықты емес.

“Тақырып берілсе болды, эссе жазылады” деп ойлайтындар қатты қателеседі. Бұл бір мәселе. Екінші мәселе- қалалық кезеңде де, республикалық кезеңде де жюрилердің кейбіреуі эссені шығармадан айыра алмайтындығы.

Олардың ең жоғары балл беріп, сайтқа салған эсселері эссе емес, шығарма сипаттағы жұмыстар екендігін көрген соң айтып отырмын.

Комиссия құрамындағы ЖОО ғалымдары оқушының эссе жазу ерекшелігін, тәсілін түсінбегендіктен, эссе құрылымын жете білмегендіктен де біржақты бағалайтынын да көріп жүрміз.

Оқушыға берілетін тапсырманың түрлері де шиыршыққа сай емес, оқу мақсатына сай емес, кеңес заманындағы тақырыптардан, бағдарламада жоқ грамматикалық талдаулардан тұратындығы бір бөлек әңгіме.

Сондықтан, қалалық республикалық олимпиаданың тапсырмалары, эссе тақырыптары, қолданыстағы бағдарламаға сай реттелуі керек.

Эссе тақыптары эссе жазуға лайықты болып тұрсын. ЖОО ғалымдар мектеп мұғалімдерімен тығыз байланыста төрелік еткені ұтымды болар еді. Бұрын олимпиадаға төреші болған ғалымдар әдістемелік ұсыным жазушы еді.

Соңғы жиырма жылда олимпиада төрешілерінің ондай еңбектері тұрмақ, мақала да оқымайтын болдық. Бұл да көп нәрседен хабар береді.

Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.