Интернетке тәуелділік және лудоманияның алдын алу

0
113

Алматы қаласы Жастар Саясаты Басқармасының қолдауымен “Рух жаңғырығы” Қоғамдық қоры “Интернетке тәуелділік және құмар ойындардың алдын алу” тақырыбында Алматы көпсалалы колледж студенттерімен кездесті. Кездесуге 200 студент жиналды. Кездесуді этнограф, мәдениеттанушы, интернет психолог Бердалы Оспан жүргізді. Кездесу барысында жастар лудоманияның қоғам дерті екенін түсініп, Бердалы Оспанға көкейде жүрген сауалдарын қойды.