Өзге ұлт өкілімен отау құрғандар 10 мыңға жуық

0
186

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда биыл қаңтарда 9613 неке, ақпанда 8498 неке тіркелген деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

Ал былтыр некеге тұрған 120 мың жұптың (әртүрлі ұлттар – еск.) 17,6 пайызы өзге ұлт өкіліне үйленген.

Мәселен, былтыр 83 мың жігіт (қазақтар – еск.) үйленсе, соның әрбір он бесіншісі өзге ұлт өкіліне үйленген. Яғни жігіттердің (қазақтар – еск.) 6,4 пайызы өзге ұлт қызын жар етіп алған.

“2023 жылы қазақтардың (ер) өзге ұлт өкілдеріне үйлену көрсеткіші – 5437, қазақтардың басқа (әйел) өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығу көрсеткіші – 4555”, – деп жазылған Ұлттық статистика дерегінде.

Былтыр 82 771 мың қыз (қазақтар – еск.) тұрмысқа шықса, соның әрбір он сегізіншісі өзге ұлт өкілімен отбасын құрған.

Фото ашық дереккөзден алынды.