Тағы да дүмшелер қамауға алынды

0
266

2-3 мамыр күндері Астана және Павлодарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірге және прокуратура органдарының үйлестіруімен Қазақстанның үш азаматын ұстады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінді.

“Олар терроризмді насихаттады және республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның қызметіне қатысты деп күдіктеліп отыр. Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Күдікті адамдар бұрын жалпы қылмыстық және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталған”, – делінген хабарламада.

Фото ашық дереккөзден алынды.