Құлыбаев мүліктерін сатуды бастаған ба?
Тимур Құлыбаев Лондондағы резиденциясын 35 миллион фунтқа (шамамен 20 миллиард теңгеге) сатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Букингем сарайының жанындағы Жоғарғы Гросвенор көшесіндегі мүлікті North Wind Capital инвестициялық компаниясы сатып алған. Сондай-ақ Құлыбаев өзіне тиесілі көрші ғимаратты да сатуға ниетті.Құлыбаев бұған дейін патшайым Елизавета II-нің ұлы ханзада Эндрюдің бұрынғы мүлкіне ие болған. Sunninghill Park сарайы Лондоннан 40 шақырым жерде орналасқан. Біраз уақыттан кейін қазақстандық кәсіпкер резиденцияны бұзып, жаңа ғимарат салды.
Назарбаевтың туыстарының Германияда 100 миллион еуролық сарайлары да бар, олар қараусыз қалған. Сонымен қатар Құлыбаев жерорта теңізі жағалауындағы испаниялық Can Juncadella меншігі мен Швейцариядағы Fleur du Lac қонақ үйіне ие.
Фото ашық дереккөзден алынды.