“Тәңірші ағайын, жалған сөйлеп, мазақ болмаңдар”

0
678

«Тик-Токта» «охота за тенгриянцами» деген аккаунт бар.Ол парақшада өзін тәңірші санайтын ағайындардың негізссіз, қисынсыз, ойдан құралған әңгімелерін айтып түсірген видеоларын тізіп—мазақтаған!

Тәңірші ағайындардың «арақ ішу керек», «ойнас жасау керек», «жер тегіс», «найман ру болмаған», «Абайды сотқа берер едім», «моңғол текті болғасын қазақ қыз алысқан», «қасқыр мен ұмай ұрпағымыз», «маһди қазақ болған», «мұсылман сөзі ұғымы— намлысұм», т б жалған сөздерді айтып —әуелі өздерін масқаралап, қалған жұртты тәңір ілімінен бездіріп жатыр.

Әй, тәңірші ағайын! Ойларыңа келгенді айтып оттағанды доғарыңдар! Тәңір ілімі жолындағы ізденіс —ғылымға бағытталуы керек! Ғылыми тұжырымды айтыңдар! Соны талқылаңдар! Осы жолда атеист, дейст, агностик, тәңіршілер бірігеді.

Бастауы «Көк тәңір, Жер —ана»дан болған жаратылысты ғылым-ғана түсіндіреді! Ғылымда тылсым болмауы тиіс: «ғылым ізденіс үстінде, түбі бір ашылады» деп айту керек!

Адамға, қоғамға қатысты тұжырым (концепция) — шежіре түгедеуден басталсын! Сонда қазақ қаны тазарып,болмысы өзгереді!

Кейін сапалы қазақ пайда болады! Тірінің де, өлініңде шежіресі түгенделуі тиіс! Ақиқаттан қорықпа, қашпа! Қандай да бір ащы шындықты қабылдап, қорыта алуға тиіспіз!

Тәңірлік ілімнің— Діни догмадан айырмасы дәл осы — ақиқатты айтуда! Тәңірлік ілім ислам дінінен — атеизмге жақын болуы керек! Қазір керсінше, діни догмаға жақынсыңдар!

Ол-білімсіздіктерің! Тарихшы—этнограф, физик—математик, химик—биолог, астрономия, т б ғалымдарды әңгімеге тартыңдар! Архив аралаңдар! Кітап жаздырыңдар!

Бұл жолдағы шығындар үшін үкіметтен тарихи зерттеулерге қаржы сұрау керек! Бұл жұмыс —атеист ұстанымындағы маған емес, өзін тәңірші санайтын ағайынға керек! Жалған әңгіме таратып, мазақ болмаңдар! Айтарым осы!

Төртуыл ШОҚАН,

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.