Бас мүфти үндеу жариялады

0
212

 Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізді деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы Мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Құрметті отандастар! Сіздерді келе жатқан Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік, татулық, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.

Алла разылығы үшін шалған құрбандықтарымыз бен игі амалдарымыз қабыл болғай. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көрші Өзбекстан, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен, бірқатар мұсылман мемлекеттерімен кеңесіп, Құрбан айт күнін белгіледі.

Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, һижри жыл санауы бойынша 1445 жылдың зұлхижжа айының басталуы 7 маусым болып бекітілді. Арапа күні 15 маусымға сәйкес келеді. Ал 16 маусым – Құрбан айт мерекесінің бірінші күні»  деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Фото ашық дереккөзден алынды.