Тойда кететін есіл уақыттар

0
95

Бір күні бір тойдың басынан аяқ хронологиясын сағатқа қарап отырып ручка мен дәптер алып жазып жасап шығам ау..

  1. Тойдың басталуында құдаларды кіргізуден бастап, одан кейін бишілер шығуы, қанша уақыт алады? кеткен уақыт.
  2. Ұлкендердің, ақсақалдардың шығып сөз сөйлеуі, ешкім естіп, тыңдап жатпаса да рудың тарихын, жастарға ақыл айтуы. уақыт.
  3. Әншілердің шығып, билемейтін ән айтуы. қанша уақыт?

4.Ойындар, би жарысы тсс. кеткен уақыты?

  1. Тамадалардың бос сөз айтуы. Кеткен уақыт?
  2. Бір топ адам шығып бәрі сөз сөйлеуі, әрқайсысына кететін уақыт.
  3. Соңғы жағында, бәрі шаршап, мына той қашан бітеді, қайтар едік деп отырғанда жастардың шығып бәрі, бірінен соң бірі, бірінен бірі асып түскісі келіп жарыса сөз сөйлеуі. Кететін уақыт?

Сосын соған мынадай анализ жасаймын.

  1. Құдаларды үйден шашу шашып күтіп алғасын, ресторанда соны тағы жасамай, көпшілкеп бірге ресторанда орнына жайғасып жастарды күтіп алса ҚАНША УАҚЫТ ҮНЕМДЕЙМІЗ?
  2. Сысыған өлеңнен, адамдар концерт тыңдауға келген жоқ қой, бірден билейтін өлең айтып тойды көңілді бастаса. Қанша уақыт үнемдейміз?
  3. Сөз сөйлеуден гөрі, ал оның шығуы бар, орнына қайта отыруы бар, бір ақсақал орнында отырып бата беруімен той басталса қанша уақыт үнемдейміз.
  4. Ойыннан гөрі, ал онда кейде көйлегі жыртылып, жатып билеймін деп басы жарылып жатқаны да бар, билеп, көңіл көтеріп өткізсе қанша уақыт үнемдейміз?
  5. Жастарға ақылды үйде айту керек, кетіп бара жатқан қыз, түсіп жатқан келіннің оның қаншасы миында қалсын, одан үнемдейтін уақыт.

6.Жастар да шаршап отырған жұрттың уақытын алмауды да үйренсе.

Сөйтіп тойды әдемі, шаршамай, көңілді өткізудің қанша сағатқа сыйғызуға болатынын анықтамаса болмас)),

Мен өзімнің бір принципім бар, тойға шақырды ма, аяғына шейін, бата беріп аяқталғанша қатысу керек.

Кей тойларда соңында 20 столдан 3-4 стол адам ғана қалғанын көреміз, ұйқысы уақытында болатын адамға сағат түн ортасынан ауғанша шейін болған ауыр, сондықтан ол принципімді енді мен де бұзам-ау)).

Ресторанның даяшылары, официанттары, той иелері одан да кеш қайтатынын ескерсек, қаншама адамның биоритмдері осы тойдан бұзылып жатыр.

Айтпақшы тойдың кеш басталуына соқтырған, бұрынғы сағаттың да тигізген зияны бар…

Оны себеп салдарларымен бұрын да жазғанмын.

Сондықтан бір тойда ручка мен қағазға жазып отырған, сағатына қайта қайта қарап отырған адам көрсеңдер, сөгіп жүрмеңдер))).

Болат НҰРХОЖАЕВ, Facebook  жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.

Тегтертойуақыт