Тағы бір әзілкеш қамауға алынды

0
493

Танымал елордалық стенд-ап әзілкеш Александр Меркуль 10 тәулікке қамауға алынды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол концерттерде балағат сөз айтқан. Ақпаратты Астананың мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі растады.

«Сот отырысында Меркуль А.И. құқық бұзушылық жасағанын толық мойындады, жасаған ісіне өкінді. 2024 жылғы 7 маусымдағы бейәдеп сөздер айтылған видео мейрамханада өткен әзіл-оспақ аясында болғанын түсіндірді», — делінген сот қаулысында.

Фото интернеттен алынды.