36 мың келіншекке 8 наурызда 9830 теңге беріледі

Астанада 8 наурыз мерекесіне орай 36 мың әйел адамға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, жалпы саны 36 мыңға жуық азаматқа 2,5 АЕК (9830 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілмек.
«Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде беріледі», — деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 8 наурыз қарсаңында бір реттік әлеуметтік төлем берілетіні хабарланды.
Мұнда 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады.