«Әділдік және өркендеу» қорының Ақтауда тағы бір қоғамдық қабылдау орны ашылды
Ақтау қаласында «Әділдік және өркендеу» Қорының тағы бір қоғамдық қабылдауы ашылды. Бұл — ұйымның ел аумағындағы алтыншы қабылдауы. Қоғамдық қабылдаулар республика бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан және Ақтөбеде жұмыс істейді. Мұнда құқықтық қолдауға мұқтаж әрбір азамат жүгіне алады.
«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедованың айтуынша, Маңғыстау облысында қабылдаудың ашылуы еңбек жанжалдарының туындау қаупі жоғары мұнайлы өлке үшін маңызды.
«Қоғамдық қабылдау — бұл Қор жақтастары, қазақстандықтардың еңбек және тұрмыстық жағдайын жақсартуға дайын белсенді және бей-жай қарамайтын азаматтар жиналатын орын. Біздің өкілдеріміз өңір тұрғындарына заңгерлік көмек көрсетіп, әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға ықпал ете алады», — деді Қор басшысы.
Қысқа уақыт ішінде өңірлердегі қоғамдық қабылдаулардың қызметі жақсы нәтиже көрсетті.
Мәселен, Қордың Түркістан облысындағы қоғамдық қабылдауына наурыз- мамыр айлары аралығында 279 өтініш келіп түсті, оның 60% — ы орындалды, қалғаны әлі қаралып жатыр. Негізінен аймақ тұрғындары жеке отбасылық, ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар бойынша және жер дауларын шешу бойынша құқықтық көмек алып, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа шағымданды.
Қор өкілдері әр өңірде өтініштердің өзіндік ерекшелігі бар екенін атап өтті. Алматы және Алматы облысының азаматтарының көбі қабылдауға экология, ТКШ, әлеуметтік төлемдер мәселелер бойынша келеді, тұрғындар мемлекеттік органдардың жұмысына көңілі толмай, шығарлыған сот шешімдерін қайта қарауды талап етеді.
«Әділдік және өркендеу» Қорының Алматыдағы белсенділерінің айтуынша, қазір олар қаладағы апатты тұрғын үй кешендерінің бірінің мәселесін шешумен айналысып жатыр. Бұл үйдің төбесі ағып, инженерлік коммуникациялар жарамсыз болып, ойын алаңдары тозған. Осы орайда қабылдауға 30 адамнан ұжымдық өтініш келіп түсті.
Көктемде Астанада заңгерлердің құқықтық көмегін елорда мен жақын маңдағы аудандардың 220-дан астам тұрғыны алды. Кеңес алуға өтініш білдіргендердің арасында Құрылыс және тазалау компанияларының жұмысшылары, медицина қызметкерлері, жүргізушілер, аспаздар, тігіншілер және басқа мамандық иелері бар. Көбіне, Қордың елордалық филиалының қоғамдық қабылдауында еңбек даулары, банкроттық, қарыздарды өндіріп алу және алаяқтыққа қатысты істер қаралды.
Кез келген азамат кеңес алу үшін «Әділдік және өркендеу» Қорының қоғамдық қабылдауларына жүгініп, білікті көмек ала алады.
Қордың қоғамдық қабылдауларының байланыс телефондары мен мекенжайлары:
+7 775 293 97 83, Астана
+7 707 323 74 70, Алматы
Әйтеке би көшесі, 27
+7 707 516 90 68, Ақтөбе обл.
Ливенцов көшесі, 4, 6 кеңсе
+7 702 951 28 28, Түркістан облысы
Тәуке хан даңғылы 371, 218 кабинет
+7 747 849 26 47, Шымкент
Бейбітшілік көшесі 3А, 4 қабат, 409 кабинет
+7 775 06 83 440, +7 702 123 76 77, Ақтау қ.,
2 ш/а, «Орда» бизнес-орталығы, 313 кабинет.
Сонымен қатар қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Қор белсенділері «Әділдік құқығы» онлайн-жобасын іске қосты. Оның шеңберінде білікті заңгерлер азаматтардың adildik.org.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберген сұрақтарына жауап береді.