Алматылықтар АЭС-ке байланысты жиында шу шығарды

0
61

Атом электр станциясының құрылысы бойынша Алматыда қоғамдық тыңдау басталды. Ulysmedia.kz порталының тілшісі бүгін сол жерден тікелей ақпарат таратады.

АЭС құрылысы бойынша тыңдау шумен басталды. Кейбір азаматтар атом электр станциясының құрылысына қарсы наразылық жазуы жазылған плакаттармен келді.

Отырысқа келгеендер АЭС-ке қарсы аргументтерін дауыстап айтып, спикерлердің сөзін бөледі. Ал сөйлеп жатқан спикерлер АЭС қауіпсіздігіне жиналғандарды сендіргісі келеді.

Жауапты шенеуніктер қатысушылар «арандатушы сөздеп айтып жатыр»деп шағымданады.

Айта кетейік, «Алматы Бас жоспары» ғылыми-зерттеу институтында көпшілік тыңдаулар өткізіліп жатыр. Ол жиынға атом саласының салалық сарапшылары қатысуда.

«Жария талқылау барысында азаматтар технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да өздерін қызықтыратын кез келген сұрағын қоя алады, — деп хабарлады әкімдік.

Шілде айының соңында Қызылордада атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өткен еді.

Қазақстандағы АЭС

2023 жылдың 1 қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдум өткізілетінін жариялады. 2023 жылы 4 қазанда Қазақстанның Энергетика министрлігі референдум өткізілгенге дейін атом электр станциясының құрылысына байланысты барлық жұмыс тоқтатылғанын хабарлады.

2023 жылы қарашада Ресей басшысы Владимир Путин егер Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданса, онда «Росатом» мемлекеттік корпорациясы тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді.

Референдум күзге жоспарланған. Осы уақытқа дейін барлық облыста қоғамдық тыңдаулар өтуі тиіс.

Сонымен қатар, кейбір экологтар мен азаматтық белсенділер Қазақстанды АЭС пен радиациядан азат ету керек деп санайды.

Фото ашық дереккөзден алынды.