«Ауру бала тумайын десеңіз, жүкті кезде боянып-сылануды қойыңыз» дейді дәрігер (ВИДЕО)
Тәжірибелі акушер-гинеколог қазіргі кей әйелдердің бала көтеруі, оны босануына қатысты өзекті мәселені айтты деп жазады Democrat.kz.
Көп жылғы тәжірибесі бар, білікті дәрігер Маржан Сиязовна қазіргі кей келіншектердің бала көтерудегі жауапсыздықтарын сынап: «Кеңес заманында жүкті әйелдерге шаш кесуге, шаш бояуға, тырнақ өсіріп, маникюр жасауға, бетке бояу жағып, макияж жасатуға тыйым салатын.
Қазір кей жүкті әйелдер тойға баратындай жасанып алады. Әрине, қалай болса, солай, кір-қожалақ болып жүрсін демеймін. Алайда әйелдің тәніне жағылатын әлгіндей бояулар, боялатын шаш, жалғанатын кірпік дегеннің бәрінің құрамында химиялық улы заттар барын ескерсек, ол удың бәрі іштегі балаға міндетті түрде әсер етеді.
Қазіргі кезде ауру баланың көбеюіне шешесінің жүкті кезде әлгіндей боянып-сыланып жүруі тікелей әсер етеді», — дейді.
Фото видеодан скринделіп алынды.