Бала үшін мектеп жауап бере ме?

0
1000

Павлодарда 12 жасар оқушы қыз босанды. Бұл жаңалық республиканы дүрліктірді. Артынан мектеп директоры қызметінен кетіп, мұғалімдер қатаң сөгіс алды. Не үшін?”деп жазды блогер-журналист Оңғар Қабден парақшасында.

«Ол оқушы мұғалімдерінен немесе директордан аяғы ауыр болып па? Олай болса облыстық білім бөлімінің бастығынан бастап, осы саланың кураторы облыстың зам әкімі де кетсін жұмыстан! Министр де орнын босатсын!

Баланың ата-анасы қайда қараған? Неге қит етсе директор мен мұғалімдер кінәлі болады? Ата-ананың жауапкершілігі қайда? Бала 24 сағат мектепте болмайтын шығар. Қарамайтыны бар, Балалар Үйіне өткізе салсын!» дейді Оңғар Қабден.

Фото интернеттен алынды.