«…бәрі жаман деп зарлана беруді қоятын кез келді» дейді белсенді мұғалім
Нысаналы мектепке деген ойымды сонау 5 қыркүйекте жазған екенмінhttps://www.facebook.com/share/p/3Kc8YS31k7exRECu/ Содан бері бірнеше пост арнаппын. Ел оның мәнін түсінген кезде мен үндемей отырдым.
Министрлік өкілдері ел аралап түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Мейлі, бұл енді олардың міндеті. Мені таң қалдырғаны не деп ойлайсыздар? Мені таң қалдырғаны білдей бір депутаттың теріс сөйлеуі.
Немесе шынымен білмей ме? Заңнама бойынша нормативті актілердің шығу ережесін түсінбегені. Нысаналы мектеп үшін заң жоқ дейді. Уахаха. Оған қандай заң керек?
Заң ол парламент қабылдап, президент қол қоятын акт. Ал нысаналы мектеп туралы бұйрықты ведомства басшысы шығарады. Министрдің күнделікті шығаратын көп бұйрығының бірі.
Мысалы , министрліктің бір лауазымды тұлғасын жұмыстан босату, немесе орнына тағайындау туралы. Күнделікті,ағымдағы бұйрықтар. Нысаналы мектеп туралы ереже де тура осындай дүние. Ал оның елді әбігерге салғаны — алдын ала түсіндірілмегені.
Дұрыс ұйымдастырылмағаны. Жалпы, идеясы дұрыс. Білім саласын алдыға сүйреу үшін алдымен педагогтер білімді болу керек. Сауатсыз мұғалімдер жетеді бізде. Дипломды сыйлыққа алғандар ше?Соларды қайтадан оқытса дұрыс болады.
Нысаналы мектеп туралы ережені мәжіліске, сосын сенатқа, сосын конститутциялық кеңеске, сосын президентке апару міндетті емес. Депутат осыны білмесе жетіскен екенбіз.
Өткенде министрмен болған кездесуде мен сұрақ қойдым. Хорошо, ПИЗАМЫЗ орташа екен. Онда халықаралық олимпиадаға қатысқан оқушыларымыздың елу проценті неге жүлдемен оралады? Бұл керемет жетістік деп ойлаймын.
Жаман, жаман деп айта бермеу керек. ПИЗА да батыс оқушыларына арналып жасалған реитинг. Оған сәйкес болу Азияда тұратын біз үшін міндетті емес. Өзіміздің критерий керек.
Өткенде Астанадағы Көшпенділер ойынында Қазақстан құрамасы жеңімпаз болды ғой. АҚШ,Финляндия,Кореялар орын алды ма?Мынау да сондай ситуация. Ал халықаралық олимпиада белгілі бір ортақ стандартпен өтеді.
Осы олимпиадада оқушыларымыздың жартысы жүлделі болса біздің білім саламыз кері кетті деу дұрыс па?
Осы сұраймын ғой. Білім саласының кері кеткен жерінен бес мысал келтірші деп. Директор өз туысын жұмысқа алады дейді. Бухгалтер ақша жеп қойды. Завуч сабақ кестесін өз ыңғайына қарай жасайды.Любимчиктеріне қолайлы етіп.
Мысалының түрі осы. Айлықтың көтерілгені, Педагог мәртебесі заңының қабылданғаны ше? Заңдағы көрсетілген құқықтар мен кепілдіктерді пайдалана білу ол енді әр педагогтың ісі. Пайдалана алмасаң отыр, жылап сықтап.
Баланың білімі кәзір ойдағыдай емес дейді. Ол рас. 30 жыл бұрынғы бала мен кәзіргіні салыстырсаң айырмашылық бар.(30 жылмен салыстыра аламын,себебі сол кезде де бала оқытқанмын.)
Мен ойлаймын,отыз жыл бұрын баланың ойын алаңдататын әлеуметтік желі болған жоқ. Оқымағанда қәйтеді? Кәзіргі баланың назары білімге емес ,сол желілерге көбірек кетеді. Сондықтан оқулықтағыны меңгере бермейді.
Бірақ жалпы логикасы, көзқарасы отыз жыл бұрынғылармен салыстырғанда анағұрлым артық. Жахандану кезінің басты мақсаты не? Бала тек мектеп білімі емес, жан-жақты білім алу керек емес пе?
Сондықтан , бәрі жаман деп зарлана беруді қоятын кез келді. Баласы жаман екен деп кәріс өз баласын бізге оқытуға жібермейді. Біздің балалар ешкімнен кем емес.
ПС:СЫ: Елдегі білім нашар болса халықаралық олимпиададан неге жоғары жетістікке жетеді балаларымыз.? Дұрыстап ұйымдастырылса мақсатты мектеп жобасы керек пе? Батыс елдері неге Көшпенділер ойынында орын алмады?
Сұлтан СҮЛЕЕВ, белсенді мұғалім.
Facebook жазбасы.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.