Композитор Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды
Қазақстанның белгілі композиторы марқұм Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы Абылай Арманұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.
«Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Қазақта «аталатсаң да боталатпа» дейді ғой. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің үлкен ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз!», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
- «Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына,қарындасымен бауырына қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды Жүнісова.
Айта кетейік, сазгер 2023 жылы қаңтар айында өмірден өткен еді.
Арман Дүйсенов 1974 жылы 4 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер, тележүргізуші, бірнеше әннің авторы.
Фото дереккөзден алынды.