Бір жылда 5 рет күйеуге шығып миллиондап ақша тапқан

0
383

Әлеуметтік желілерде бір қызымыз қызық бір жаңа “стартап” туралы айтып, басқа қыздарға сол туралы айтып берді деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы Press.kz.-ке сілтеме жасап.

“Көреміз” ток-шоуына қатысқан сол бойжеткен оқуының төлемақысын төлеу үшін бір жылда бірнеше рет күйеуге шыққан. Қалыңмалының ақшасына оқуының төлемақысын өтеген.

“Көреміз” бағдарламасына келген сол бойжеткеннің айтуынша, өзі 2003 жылғы екен, бір жылда бес рет күйеуге шыққан. Отбасын құрған әр еркекпен 1-1,5 ай ғана өмір сүрген. Ал қалыңмал үшін берілген ақшасын өз қажетіне жаратып отырған.

Арада бір ай уақыт өткенде түрлі жолмен ұрыс-керіс шығарып немесе ауылда тұра алмаймын деген сылтаумен киім-кешегін жинап, тайып тұрған. Ал осы қыздың айтқан әңгімесі басқа қыздарға да ұнаса керек, осындай қулықты үйретіп, арнайы мастер-класс өтуін сұранғандар да бар.

Фото ашық дереккөзден алынды.