«Дәрігерлер аруақ болып келіп, ұйықтап жатқанымда емдеген бе?» дейді журналист-блогер

0
1131
Танымал журналист-блогер Ақбөпе Тәңірберген туған жері Қарқаралыдағы кей дәрігерлер өзін «сырттай емдеп» жатқаны туралы жазып, қазіргі медицинаның сиқын сөз етті деп жазады Democrat.kz.
Журналистің айтуынша, өзі Астанада тұрады, ал мекен жайы бойынша тіркелген аймағы Қарқаралының кей дәрігерлері қағаз жүзінде  Ақбөпені түрлі диагноздар бойынша «емдеп жатқан» көрінеді.
«Айналайын Қарқаралы аудандық ауруханасы мені жақсылап емдеп жатыр екен.
Әйтпесе журналистерде емханаға баратын уақыт жоқ. Соны білген ғой, жандарым.
Өздері мені “тісі ауырып жүр” деп стоматологқа жазыпты. Оны Мақпал Бексұлтанова деген дәрігер емдепті.
Одан кейін сәуірде, қазанда, наурызда — гинеколог-акушерге, хирургке, невропатолог, оториноларинголог, дерматовенеролог, кардиолог, стоматолог-терапевт, стоматолог-хирургке жазыпты.
Соңғысы тісімді жұлған шығар. Көзден жас шығармай, ауыртпай «жұлады» екен.
Менің айтайын дегенім — тісімді тек Еренғайып деген дәрігерге жылына екі рет тазалатып отырамын. Сондықтан они у меня идеалные. Беканың тісі сияқты ақсиып, шіріп кетпеген.
Ана дәрігерлерге жазылатындай — оған қатысты ешқандай шағымым, ауруым әлі болмады. Сақтасыншы.
Оның үстіне мен Астанада тұрамын.
Қарқаралыға жаңа-жылды қарсы алуға және маусымдағы еңбек демалысымда ғана барамын.
Бұлардың емдеп жүргендері қай Ақбөпе?
Профилактика үшін дерматовенерологке шейін жазылған неткен ұқыпты адам өзі.
Мені емдеп жүрген Валерий Ахметов, Медет Омаров, Жәнібек Орынбаев, Әлия Нұрбаева, Гүлнар Мұқановаға, Ерлан Түсіпбаевқа, Руслан Винтонякқа, Гүлжазира Мырзабековаға чоң рахмат!
Сіздерді көрмегеніме қуаныштымын! Ешқашан көрмесем екен!
Тісім қайта-қайта ауырып маза бермеген-ау деймін.
Мақпал деген тіс дәрігері 5 рет қабылдапты.
Аруақ сияқты ұйықтап жатқанда келіп емдеп кеткен шығар бәлкім» деп жазды журналист-блогер.
Фото көрнекілік үшін.