Діни киімге тыйым салу — қауіпсіздік мәселесі болмақ

0
415

Жақында ғана Тәжікстан билігі ұлттық мәдениетке сай келмейтін киімдерді киюге тыйым салды.

Артынша бетті толық бүркемелеп жауып тұратын діни киім кигендер мен сатр кигендерге қатысты түсіндіру жұмыстары, айыппұл салулар басталып кетті. Бұны арнайы заңмен түсіндіріп жатқандар да бар.

Дәл осындай шешім Дағыстанда да қабылданды. Дағыстандағы 22 адам қаза тапқан террорлық шабуылдан кейін, Дағыстан билігі мен діни басшылық никабқа тыйым салу керектігін айтты. Ызу-қызу талқы болды. Әлі болып жатыр.

Дағыстанның дінбасы Ахмад Абдуллаев никабқа тыйым салуды қарастырып, арнайы пәтуә шығаратынын мәлімдеді. Себебі бетті толық жауып жүру міндет емес және ол қоғамдағы қауіпсіздікке де тікелей әсері бар дейді.

Осындай шаралар бейресми Өзбекстанда да болып жатыр. Қандай да бір заң бар-жоғын білмедім, алайда тексеріс бар. Тіпті қатаң десек те болады.

Қазақстанда бетті толық жауып тұратын киімге қоғамдық орында шектеу қою жағын қарастыру қажет деп ойлаймын. Көзі әрең көрінетін киімді киіп алғандар бар ғой.

Үйіңде жалаңаш жүрсең де немесе толық оранып алсаң да өзің біл. Алайда қоғамда қауіпсіздік деген түсінік бар ғой. Бетін жауып алған адамның кім екенін қайдан білеміз? Ер ме, әйел ме, жас па, кәрі ме қайдан біледі? Қашып жүрген қылмыскер шығар, іздеуде жүрген біреу шығар.

Әзірге қандай да бір заң, ереже жоқ. Сәйкесінше тексеру де жоқтың қасы сияқты. Көшеде тоқтатып, бет-жүзін көрсетуді талап етіп жатқандарын көрмеппін. Сол себепті ең дұрысы қоғамдық орында мұндай киімдерге тыйым болу қажет деп ойлаймын. Бұл ең алдымен қауіпсіздік мәселесі.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, Facebook  жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.